Сочинения (эссе)

RCDO.KZ » Конкурсы » Сочинения (эссе) » Менің Қазақстаным

Менің Қазақстаным

ya_socials
Опубликовано:
Автор: admin02 881

Сенен артық қасиет жоқ-ты, жер, тегі,

                                                                                                                       Сен – ұрпақтың күліп атар ертеңі.

Тағдырыңды тапсыр маған, туған жер,

                                                                                                                    Көркейтуге міндеттімін мен сені.

Әбу Сәрсенбаев

     Арайлап атқан таңы бар, асу бермес асқарлары бар сайын дала, жазираны мекендеген мейірбан халқы бар ел – Қазақстан.

    Қазақстан - егеменді, тәуелсіз, байтақ, жері шырайлы, астығы мол, кенге бай, суы мөлдір, ауасы таза, бейбітшілігі мен татулығы берік ел.  Қазақстан – бүкіл қазақ халқының атамекені, кіндік қаны тамған киелі жері. Ол – менің елім! Ол дүние жүзіндегі қазақтардың Отаны болып танылады.

   «Отан үшін отқа түс күймейсің, арың үшін алыссаң өлмейсің» дегендей, бұрынғы ата-бабаларымыз елі, жері, халқы, тәуелсіздігі үшін күресті. Қаншама ер жүрек батырларымыз елін аман сақтап қалу үшін өмірлерін қиды десеңізші! Қазір еліміздегі адамдар тәуелсіз, бейбіт, тыныш өмір сүруде. Сондай – ақ, елімізде тағдырдың айдауымен, тарихи Отандарынан ерікті-еріксіз түрде ығыстырылған жүзден аса ұлт өкілдері қазақ халқымен қоян-қолтық тұрып жатыр. Олар өзара тату- тәтті өмір кешуде.  Бүгінгі таңда еліміз бірнеше сатыны артқа тастап, көтеріліп келеді. Еліңнің көз алдыңда өркендеп, гүлденіп жатқанын көре отырып, елің жайлы толғанып тіл қатпау мүмкін емес. Мен қаламымнан төгілген осы бір ой-толғауым арқылы елімнің бүгінгі тыныс – тіршілігі мен бет – бейнесіне мақтанышпен және таңқалыспен қарай отырып, Отанға деген сүйіспеншілігімді жеткізгім келеді, өйткені менің елім қазіргі күні кез келген адамзаттың көңілін тасытып, ойына ой қосып, толғандырады.

     Менің халқым ежелден бері қанағаттан қарын тойғызып, қонағына жалғыз атын сойып беретін, кең пейілдігі дархан даламен өлшенетін «қазақ» деген халық. Бұл халық – әрқашан елін жауына басындырмаған, ұл-қызын қайратты етіп тәрбиелеген, кең – байтақ далада еркін де бейбіт өмір сүруді арман еткен халық.

Шынымен де, талай жаугершілікті басынан кешіріп, «мың өліп, мың тірілген» ел болды. Ғасырлай бойы осындай қиындықтарды кешіргенмен, ел басына күн туған шақта елін қорғар марқасқа ерлері де бар, қарсы тұрған жауын қасиетті тілімен жеңген шешендері де аз емес халық екені айдан анық.

Қазір халқымның айы оңынан туып, өмір бойы арман болып өткен тәуелсіздігін де қолдарына  алып, Қазақстан мемлекеті атанды. Бұл ел бір-ақ күнде бұрынғы қанағаттан қарнын тойғызып қана отыратын халық емес, әлем елдерінің назарын өзіне аударатын, халқының мақтанышы мен ықыласына айналған ғажайып ел екенін дәлелдеді. Уақыт өте келе, осынау ғажайып өркендеп келе жатқан ел туралы құлақтан – құлаққа жетіп, талай елді елең еткізіп, әлемге танылды. Расына келсек, бұл елдің әлемдік деңгейге көтерілгенін басқа елдер де мойындап отыр. Еліміз экономикалық даму жолында ТМД елдерінен терезесі биік тұр. Елбасымыздың халқы үшін, егеменді елі үшін жасаған талай салиқалы саясатының кереметтігіне басқа елдердің президенттері де сүйсіне қарайтын дәрежеге жетті. Өркениеттің кереметтігі сонша – елінің көркін ғажайып көрініспен елестеткісі келетін халқының көз алдына бұрын - соңды болмаған жаңа ғасырдың Астана атты жұлдызды қаласы орнатылып, күннен – күнге көркейіп, Арқаның кең жазығын зәулім құрылыстарымен көріктендіре түсті. Биылғы жылы тәуелсіздігіміздің жемісі - жұлдызды қаламызға 20 жыл толғалы  отыр. Аз уақыттың ішінде әлі де түрленіп келе жатқан Отанымыздың жүрегі Астанамыз еліміздің жаңа беттерін ашқандай, тәуелсіздігімізді әйгілегендей көрінеді және де арман қала, бас қаламыз өнер мен білімнің, мәдениет пен ғылымның ордасына айналды. Осының бір дәлелі, әлемдік ЭКСПО – 2017  көрмесі. Бұл көрме еліміздің мерейін көтеріп, мемлекетіміздің мықтылығын бар әлемге танытты деп ойлаймын.

Мен бақыттымын! Себебі мен тәуелсіз елдің азаматымын, мен оның кішкентай да болса бөлшегімін, мен оның ертеңімін. Бүгінгі күні партада отырған шәкіртпін, ертең елімнің келешегімін. Мен өз елімді сүйемін, мен онымен бірге күйемін, бірге қуанамын.                     

Ойымды түйіндей келе болашақта жақсылықтар болады деп сенемін, себебі біз  талай қиындықтарды жеңген алыптардың ұрпағымыз. «Ел мен үшін не істей алады деп сұрамай, ел үшін мен не істей аламын?» деген мақсатты ұстансақ, болашағымыздың кілті өз қолымызда. Сол кілтпен болашақтың қасиетті есігін ашып, барыс бейнелі елдің еңсесі биік, өзгелермен терезесі тең азаматы,  маңдайы жарқыраған бақытты ел боламыз деп сенемін.

Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман. «Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады» демекші, Елбасымыздың Жолдауындағы отыз елдің қатарына кіру үшін халық білімді болу керек делінген.  Бұл әсіресе, жастарға қатысты. Жастар – ел болашағы.

Сүйікті елім туралы жазған бұл шығармамды Қазақстан елі 2030 жылы асқан бай, әлемдегі ең өркениетті отыз емес, он елдің қатарынан көрінетін, халқы армансыз, уайым-қайғысыз, ұрпағының көкірегінен қайғы емес, жүздерінен күлкі кетпейтін «Мәңгілік ел» болады деген сеніммен аяқтаймын. Мен осындай жері шырайлы, бақытты елдің ұрпағымын.

Наши олимпиады

Русский языкДля 1-11 классов, 1-2 курсов Открыть
Казахский языкДля 1-11 классов, 1-2 курсов Открыть
ИнформатикаДля 5-11 классов, 1-2 курсов Открыть
ФизикаДля 7-11 классов, 1-2 курсов Открыть
Математика (алгебра)Для 1-11 классов, 1-2 курсов Открыть
ХимияДля 7-11 классов, 1-2 курсов Открыть
БиологияДля 7-11 классов, 1-2 курсов Открыть
ГеографияДля 5-11 классов, 1-2 курсов Открыть
Английский языкДля 1-11 классов, 1-2 курсов Открыть
История КазахстанаДля 5-11 классов, 1-2 курсов Открыть
Для дошкольниковДля дошкольников от 4 до 6 лет Открыть

Оставить комментарий

Заполните заявку на участие
Язык участия
Обязательное поле (на номере должен быть WhatsApp)
Введен неправильный код

В период с 20 по 29 марта проходит акция 1+1

Вы можете выбрать второго ученика бесплатно ИЛИ второй предмет бесплатно.

Для этого впишите ученика ИЛИ предмет в графу ниже с подписью «БЕСПЛАТНО»

Введите данные
Поле обязательно для заполнения
Добавить еще ученика ?
Вы можете внести от 1 до 10 учеников
Поле обязательно для заполнения
Возраст / Класс / Курс *
Поле обязательно для заполнения
4 года
5 лет
6 лет
7 лет
1 класс
2 класс
3 класс
4 класс
5 класс
6 класс
7 класс
8 класс
9 класс
10 класс
11 класс
1 курс
2 курс
Предмет №1 *
Поле обязательно для заполнения
Итоговая олимпиада по математике
105 сом
I love English (4-5 лет)
105 сом
Братья наши меньшие (4-5 лет)
105 сом
Будем с буквами дружить (5-6 лет)
105 сом
В мире животных (4 года)
105 сом
Весёлые загадки (4 года)
105 сом
Веселые задачки (5 лет)
105 сом
Весёлые цифры (4-5 лет)
105 сом
Весёлый счёт (5 лет)
105 сом
Времена года (4 года)
105 сом
Время и возраст (6-7 лет)
105 сом
Вчера, сегодня, завтра (5 лет)
105 сом
Дни недели и времена года (5 лет)
105 сом
Загадки для детей (4-5 лет)
105 сом
Загадки для детей (6-7 лет)
105 сом
Занимательная математика (6 лет)
105 сом
Запутанные буквы (5 лет)
105 сом
Ищем буквы (5-6 лет)
105 сом
Логические задачки (4 года)
105 сом
Математика для дошкольников (6 лет)
105 сом
Математика для малышей (6 лет)
105 сом
Начинаем читать (6 лет)
105 сом
Окружающий мир (4-5 лет)
105 сом
Основы финансовой грамотности (5-6 лет)
105 сом
Основы финансовой грамотности (1-2 класс)
105 сом
Основы финансовой грамотности (3-4 класс)
105 сом
Путешествие по языкам народа Казахстана (1-2 класс)
105 сом
Путешествие по языкам народа Казахстана (3-4 класс)
105 сом
Правила дорожного движения для малышей (4-5 лет)
105 сом
Пространство и время (4 года)
105 сом
Пространство и время (6-7 лет)
105 сом
Развитие речи (4 года)
105 сом
Развитие речи (5 лет)
105 сом
Развитие речи (6 лет)
105 сом
Моя Родина - Казахстан (4-5 лет)
105 сом
Моя Родина - Казахстан (1-2 класс)
105 сом
Моя Родина - Казахстан (3-4 класс)
105 сом
Независимый Казахстан (1-2 класс)
105 сом
Независимый Казахстан (3-4 класс)
105 сом
Самый внимательный (5-6 лет)
105 сом
Строение тела человека (5-6 лет)
105 сом
Тесты на внимательность (4-5 лет)
105 сом
Тесты на внимательность (6-7 лет)
105 сом
Тесты на логику (4 года)
105 сом
Тесты на логику (5 лет)
105 сом
Хочу все знать (4 года)
105 сом
Хочу все знать (5-6 лет)
105 сом
Цвета на английском (4-5 лет)
105 сом
Цифры для малышей (4 года)
105 сом
Часы (6 лет)
105 сом
Этикет для малышей (4 года)
105 сом
Логические задачки для первоклассников
105 сом
Логические задачки для второклассников
105 сом
Логические задачки для третьеклассников
105 сом
Логические задачки для четвероклассников
105 сом
Казахский язык
105 сом
Русский язык
105 сом
Английский язык
105 сом
История Казахстана
105 сом
Математика
105 сом
Алгебра
105 сом
Физика
105 сом
Химия
105 сом
Биология
105 сом
География
105 сом
Информатика
105 сом
Познание мира
105 сом
Естествознание
105 сом
Цифровая грамотность
105 сом
Музыка
105 сом
Поле обязательно для заполнения
Добавить еще предмет ?
Вы можете выбрать от 1 до 10 предметов
К оплате:
0 сом.
Заполните поля:
Заявка на участие создана. Сейчас откроется страница оплаты