Публикации

RCDO.KZ » Публикации » Тапқыр достар

Тапқыр достар

ya_socials
Опубликовано:
Автор: Koregenkyzy Ardak03 177

Сабақтың тақырыбы: Тапқыр достар

Сабақтың мақсаты: 

Білімділік: оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтап, 

              ой - өрісін, білім деңгейін кеңейту.

Дамытушылық: оқушылардың ой - өрісін дамыту мақсатында жаттаған өлеңдерін, мақал - мәтелдерін, жаңылтпаштарын, жұмбақтарын дұрыс айтып, мәнін жеткілікті меңгеруге баулу.

Тәрбиелік: өлеңдер, мақалдар мазмұнындағы жер, Отан, сүйіспеншілік, мереке, құрмет жайлы мағұлматтар арқылы оқушылардың мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін қалыптастыру, адамгершілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың әдістері: сұрақ - жауап, әңгіме, ойын 

Сабақтың көрнекілігі: кесте, интерактивті тақта, асықтар,қазақша қоржын

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

- Сәлемдесу  

- ҚР мемлекттік әнұранын орындау

- Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

Мұғалім сөзі:

" Білім - оқу анасы" -

Мақал ішіндегі данасы.

Білімді биік игерсең

Ешкімнің жоқ таласы.

Қазаққа жан жетер ме,

Тапқыр халық не деген!

Тілін қазақ бекерге

Ана тілім демеген.

- Құрметті әріптестер, оқушылар! Бүгінгі " Тапқыр достар" атты сайыс сабағымызды қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығына арнаймыз. 

Бүгінгі сайыс сабағымыз мынадай кезеңдерден тұрады:

1.  Таныстыру

2. "Мемлекеттік тіл - ортақ тіл"  Бұл кезеңде мәнерлеп тақпақ оқу сайысы

3. "Сөз мәйегі - мақал"  Мақалдың жалғасын табу

4.  "Ойлан, тап" 3 топқа ортақ бір сөз беріледі соған жаңа сөз құрастыру

5.  "Кім тапқыр?"  Жұмбақ шешу

6.  "Кім жылдам?" Жаңылтпаш айту

7."Білгірлер  сайысы" сұраққа жауап беру, топ басшысына сұрақ қою

8.  "Өнерпаз болсаң..." өз өнерлерін паш ету

9.   Үй тапсырмасы. "Ертегілер еліне саяхат"

Міне осындай 9 кезеңнен тұрады. Сайыс сабағымызды бағалау үшін қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------Сайыстың бағалау парағы 5,4,3,2,1 

Сайысты бастамас бұрын топ мүшелері реттік санын белгілеп алулары керек.  Қоржыннан әр топ өздерінің реттік санын белгілеп алады. Сайысқа әр топтан 6 оқушы қатысады. 

" Сайысымыздың бет ашарын бастайық,

Көрерменді бір серпілтіп тастайық.

Таныстырсын сайыскерлер өздерін,

Өнеріне ду қол соғып қостайық", - деп кезекті сайысқа қатысушы топтарға берейік.

І кезең. Таныстыру

-"Тұлпар" тобы 

Тұлпарымыз тұяғы асыл болаттан,

Жақсылыққа әрқашан да қол артқан.

Жалғасымыз бабалардың мәңгілік,

Батыр етіп Алла өзі жаратқан.

"Тұлпар" тобынан жалынды сәлем! 

  -"Сұңқар" тобы

Сұңқарымыз самғаған құзар биікке,

Жеткізген тәуелсіздік кең биікке.

Талмайды қанатымыз самғаудан,

Көк аспанды өз еркіне иіп те.

   - "Қыран" тобы

Қалықтап көкте жас қыран,

Халықпыз сөзге тоқтаған.

Тілімен топты жаратын,

Тобымыз біздің - жас "Қыран".

ІІ. кезең. 

"Мемлекеттік тіл - ортақ тіл"  мәнерлеп өлең оқу сайысы

"Тұлпар" тобы 

1-ші оқушы

Әрбір тілде сөйле елімді таң қылып,

Ана тілін білмей өскен әңгүдік.

Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда,

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!

2-ші оқушы

Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!

3-ші оқушы

Туған тілім - бабам тілі - өз тілім!

Туған тілім - анам тілі - өз тілім!

Туған тілім - далам тілі - өз тілім!

4-ші оқушы 

Бір ауыз сөз үйреніпсің бүгін де,

Сөйлеп тұрсың менің ана тілімде.

Қазақ болып туғаннан соң бөбегім,

Қазақ болып өлген жақсы түбінде.

5-ші оқушы

Қазақ тілі!

Ол - менің ана тілім!

Қазақ тілі!

Сол байлықтан аз емес алатыным. 

"Сұңқар" тобы 

1-ші оқушы

Отан - жерім, Отан суым,

Отан - қуат, нәр береді.

Отан - ұран, Отан - туым,

Отан мәңгі гүлденеді.

2-ші оқушы

Отан - сенің ата- анаң,

Отан - досың, бауырсың.

Отан - өлкең, Отан - жыр.

Отан - аудан,ауылың.

3-ші оқушы

Отан - тарих, Отан - тіл,

Жасаған елім, өз халқым.

Отан - өлкең, Отан - жыр.

Көтерген көпке ел даңқын.

4 - ші оқушы  

Нұр шашады  алтын күн ,

Отанымда мереке!

Қона берсін еліме,

Бақыт, шаттық, береке!

5 – ші оқушы

Біз  тәуелсіз  ел болдық,

Өз тағдырын қолға алған.

Ел таңбасын, көк туын,

Бүкіл әлем қолдаған.

ІІІ. Кезең. «Сөз мәйегі – мақал»

«Білімдіден шыққан сөз

Талаптыға болсын кез» - дейді халық.

  Қазақ халқының қайнаған өмірден алған тәрбие құралы – мақал – мәтелдер.Ал қазір мақал айту сайысы Мақалдың жалғасын табыңдар

Кім бірінші және тез жауап береді, сол топ жеңіске жетеді.

1. Отан оттан да ыстық

2.Ел іші алтын бесік

3. Туған жердің күні де ыстық,

   Түні де ыстық.

4. Отан отбаснан басталады

5. Абыройлы анаң да – Отан

   Асқар иаулы ікең де – Отан

6. Ағаш өскен жерінде

   Адамның жаны – туған елінде\

7. Отансыз адам  - ормансыз бұлбұл

8. Туған жердің жері де көрікті,

   Ері де сүйікті

9. Әркімнің өз жері – жұмақ

10. Бақа көлінде – патша,

    Балық суында – патша

    Ері елінде – патша

11. Туған жердің шөбі де тәтті

12. Туған жерге туыңды тік

ІY. Кезең. «Ойлан, тап» 

Бұл кезеңде 3 топқа да бірдей  «Қазақстан»сөзі беріледі,осы сөздің ішіндегі әріптерден жаңа сөз құрастыру  

Ү.кезең

Кел, балалар, онайық

Ойнайық та ойлайық.

Қандай жұмбақ болса да,

Шешпей оны қоймайық.

Ойшыл болса қай бала,

Тез табады сол ғана

Кел, ойланып көрейік,

Қызық ажұмбақ айнала.

Балалар қай топ, қай бала ұшқыр ойлы екенін, байқап көрейік.

Келесі кезең «Кім тапқыр?» 

  1. Қай күні қандай сабақ,

Қалай менің үлгерімім-

Еш жаңалып қалмай,

Жүреді ылғи санап.

                      (Күнделік)

  1. Түрлі – түрлі шапаны,

Жолдары көп іші аппақ.

Сөмкемде менің жатады

Жүреді ылғи санап.

                         (дәптер)

  1. Есіктерін кезек ашып,

Іздегенді табасың.

Шығарыңда асып – сасып,

Бәрін бірдей жабасың.

                        (Кітап)

  1. Ортасында шегесі,

Жіп – жіңішке денесі.

                       (Қалам)

  1. Тілі жоқ – ақыл- кеңес береді.

                       (Кітап)

  1. Аяғы жоқ жүреді,

Аузы жоқ сөйлейді.

                       ( Хат)  

  1. Бір ағашта бес бұтақ,

Бес бұтақта бес тармақ.

                         ( Саусақ)

  1. Өзі арық, сөзі – арық.

                               ( Қалам)

  1. Өмірді өлшейді,

Ешкімнен сұрамай.

Тіліңді алмайды,

Тетігін бұрамай.

                   ( Сағат)

ҮІ. Кезең. «Кім жылдам?»

Қазақ халқы тез және дұрыс айта білу үшін сөз сайыстарында жаңылтпаштар қолданған. Қай топ тез және дұрыс айта білер екен, байқайық.

  1. Оқуға салақтар,

Тек кітап парақтар.

Сабақта алақтар,

Далада далақтар.

  1. Төрттік алған,

Бес түп  алмайды.

Бестік алған,

Төрт түп алмайды.

  1. Ұшқыш жақсы ма?

Үш құс жақсы ма?

Ұшқышта жақсы,

Үш құс та жақсы.

ҮІІ. Кезең. « Білгірлер сайысы»

Бұл кезеңде 3 топ басшыларының білгірлігін тексереміз,сұрақ қойып білімдерін тексереміз.

  1. Қазақстан қандай мемлекет?
  2. Қазақстан Республиксының Мемлекеттік елтаңбасының авторлары кім?
  3. Қазақстан Республиксының Мемлекеттік туының авторы кім?

ҮІІІ. Кезең. «Өнерпаз болсаң....» 

Оқушылар бұл кезеңде дайындап келген өнеріне тоқталайық.

4 «А» сынып оқушылары «Қара жорға» биі

4 «Б» сынып оқушысы Шарф Артур

4 «В» сынып оқушылары Зарубина В, Бугаева Виолетта

ІХ. Кезең. «Ертегілер еліне саяхат» 

Бұл үй тапсырмасы әр сынып оқушылары өздерінің дайындап келген көріністерін көрсетеді.

4 «А» сынып оқушылары «Бауырсақ» ертегісі

4 «Б» сынып оқушылары «Әке мен бала»

4 «В» снып оқушылары «Шалқан»

Рахмет балалар. Білімді азамат, ұшқыр ойлы болайық. Талаптарымызды танып біліп, ел санасына сіңіре білейік.

      Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,

      Қазақ тілін білмеу қандай заңдылық?!

      Өсер болсаң, байтақ далам тұрңанда,

      Қазақ тілі жасау керек мәңгілік! – дей келе отырып, бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.

Наши олимпиады

Русский языкДля 1-11 классов, 1-2 курсов Открыть
Казахский языкДля 1-11 классов, 1-2 курсов Открыть
ИнформатикаДля 5-11 классов, 1-2 курсов Открыть
ФизикаДля 7-11 классов, 1-2 курсов Открыть
Математика (алгебра)Для 1-11 классов, 1-2 курсов Открыть
ХимияДля 7-11 классов, 1-2 курсов Открыть
БиологияДля 7-11 классов, 1-2 курсов Открыть
ГеографияДля 5-11 классов, 1-2 курсов Открыть
Английский языкДля 1-11 классов, 1-2 курсов Открыть
История КазахстанаДля 5-11 классов, 1-2 курсов Открыть
Для дошкольниковДля дошкольников от 4 до 6 лет Открыть

Оставить комментарий

Заполните заявку на участие
Язык участия
Обязательное поле (на номере должен быть WhatsApp)
Введен неправильный код

В период с 20 по 29 марта проходит акция 1+1

Вы можете выбрать второго ученика бесплатно ИЛИ второй предмет бесплатно.

Для этого впишите ученика ИЛИ предмет в графу ниже с подписью «БЕСПЛАТНО»

Введите данные
Поле обязательно для заполнения
Добавить еще ученика ?
Вы можете внести от 1 до 10 учеников
Поле обязательно для заполнения
Возраст / Класс / Курс *
Поле обязательно для заполнения
4 года
5 лет
6 лет
7 лет
1 класс
2 класс
3 класс
4 класс
5 класс
6 класс
7 класс
8 класс
9 класс
10 класс
11 класс
1 курс
2 курс
Предмет №1 *
Поле обязательно для заполнения
Итоговая олимпиада по математике
105 сом
I love English (4-5 лет)
105 сом
Братья наши меньшие (4-5 лет)
105 сом
Будем с буквами дружить (5-6 лет)
105 сом
В мире животных (4 года)
105 сом
Весёлые загадки (4 года)
105 сом
Веселые задачки (5 лет)
105 сом
Весёлые цифры (4-5 лет)
105 сом
Весёлый счёт (5 лет)
105 сом
Времена года (4 года)
105 сом
Время и возраст (6-7 лет)
105 сом
Вчера, сегодня, завтра (5 лет)
105 сом
Дни недели и времена года (5 лет)
105 сом
Загадки для детей (4-5 лет)
105 сом
Загадки для детей (6-7 лет)
105 сом
Занимательная математика (6 лет)
105 сом
Запутанные буквы (5 лет)
105 сом
Ищем буквы (5-6 лет)
105 сом
Логические задачки (4 года)
105 сом
Математика для дошкольников (6 лет)
105 сом
Математика для малышей (6 лет)
105 сом
Начинаем читать (6 лет)
105 сом
Окружающий мир (4-5 лет)
105 сом
Основы финансовой грамотности (5-6 лет)
105 сом
Основы финансовой грамотности (1-2 класс)
105 сом
Основы финансовой грамотности (3-4 класс)
105 сом
Путешествие по языкам народа Казахстана (1-2 класс)
105 сом
Путешествие по языкам народа Казахстана (3-4 класс)
105 сом
Правила дорожного движения для малышей (4-5 лет)
105 сом
Пространство и время (4 года)
105 сом
Пространство и время (6-7 лет)
105 сом
Развитие речи (4 года)
105 сом
Развитие речи (5 лет)
105 сом
Развитие речи (6 лет)
105 сом
Моя Родина - Казахстан (4-5 лет)
105 сом
Моя Родина - Казахстан (1-2 класс)
105 сом
Моя Родина - Казахстан (3-4 класс)
105 сом
Независимый Казахстан (1-2 класс)
105 сом
Независимый Казахстан (3-4 класс)
105 сом
Самый внимательный (5-6 лет)
105 сом
Строение тела человека (5-6 лет)
105 сом
Тесты на внимательность (4-5 лет)
105 сом
Тесты на внимательность (6-7 лет)
105 сом
Тесты на логику (4 года)
105 сом
Тесты на логику (5 лет)
105 сом
Хочу все знать (4 года)
105 сом
Хочу все знать (5-6 лет)
105 сом
Цвета на английском (4-5 лет)
105 сом
Цифры для малышей (4 года)
105 сом
Часы (6 лет)
105 сом
Этикет для малышей (4 года)
105 сом
Логические задачки для первоклассников
105 сом
Логические задачки для второклассников
105 сом
Логические задачки для третьеклассников
105 сом
Логические задачки для четвероклассников
105 сом
Казахский язык
105 сом
Русский язык
105 сом
Английский язык
105 сом
История Казахстана
105 сом
Математика
105 сом
Алгебра
105 сом
Физика
105 сом
Химия
105 сом
Биология
105 сом
География
105 сом
Информатика
105 сом
Познание мира
105 сом
Естествознание
105 сом
Цифровая грамотность
105 сом
Музыка
105 сом
Поле обязательно для заполнения
Добавить еще предмет ?
Вы можете выбрать от 1 до 10 предметов
К оплате:
0 сом.
Заполните поля:
Заявка на участие создана. Сейчас откроется страница оплаты