Публикации

RCDO.KZ » Публикации » Рухани жаңғыру

Рухани жаңғыру

ya_socials
Опубликовано:
Автор: Акерке Рабилова02 069

«Рухани Жаңғыру» - мазмұны терең, ауқымы кең, ұлт руханиятын ғасырлар биігіне көтеретін өте маңызды бағдарлама. Елбасы ХХІ ғасырдағы жаңа ұлттың, жаңа қазақтың феноменін анықтап берді. Жаңа дәуірдегі ұлттың рухани жаңғыру жолының алты бағдарын атады.

Бүгінгі мақсатымыз – Ұлы Дала елінің бойында белгілі тарихи себептермен қалғып кеткен прагматизмді ояту арқылы ұлттық, қоғамдық ойға, іске сілкініс әкелу, тәуелсіз елдің санасы мен ағзасын отаршылдық, кембағалдық, бойкүйездік комплекстерінен арылту. Мемлекет басшысы қазақтың ежелгі «дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» қағидасын мықтап ұстануға шақырды.

«Ұлттық код» және «Ұлттық мәдениет»: осы екі маңызды мәселеге ерекше ден қойды. Халықтан соларды сақтауды талап етті. «Мен қазақстандықтардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын. Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек»   деп нақтылап айтты. Ең бастысы, сананың ашықтығын, яғни әлемдік озық жаңалықтарға, ғылым-білімге құшақты айқара ашу керектігін нақтылады.

2003 жылы Қазақстан халқына Жолдауында Н.Ә.Назарбаев бұрын-соңды болып көрмеген «Мәдени мұра» бағдарламасын бастайтынын жариялады. Бағдарлама жүзеге асырылған жеті жылда – 2004-2011 жылдар аралығында Қазақстанның тарихы, археологиясы мен этнографиясы бойынша 26 арнаулы зерттеу жүргізілді. Дегенмен мұның бәрі – тарихи жады мен тарихи әділеттілікті қалпына келтіру жолындағы ауқымды жұмыстың басы ғана. Қазақстанның қазіргі аумағы негізінен қазақ этносын қалыптастырған тайпалардың таралу аумағына сәйкес келеді. Ол тайпалардың XV ғасырда аяқ астынан қалыптаса қалмағаны айдан анық. Қазақ этносының қалыптасуы талай мыңжылдықтарға созылған үдеріс, өкінішке орай, ол жеткілікті деңгейде зерттелмеген. Ғалымдарымыз әлі күнге дейін көне түркілік Дешті Қыпшақ даласындағы ертедегі мемлекеттік құрылымдардың құрылуы мен ыдырауы, түркі-қыпшақ жұртының таралу аймағы, Еуразия топономикасының тарихы сияқты тағы басқа да аса күрделі әрі ауқымды тақырыптарды жаңа әдіснамалық тұрғыдан қарастырған жоқ.

Еуразияшылдық және Қазақстан дамуы. Қазақ халқының тарихы мен мәдениеті әлемдік өркениет пен мәдениеттің құрамдас бөлігі ретінде өзіндік табиғи-ландшафттық жағдайларда – ерте кезден Батыс пен Шығыс мәдениеттерін байланыстырып келген Еуразияның орталық территориясындағы Ұлы Дала аумағында қалыптасты. Үш мың жылға жуық тарихы бар көшпелі өркениет барысында қазақ халқы сыннан өткен теңдессіз бай рухани және мәдени мұраны артындағы ұрпаққа мирас етіп қалдырды. Сондықтан қазақ халқы мәдениетінің терең еуразиялық тамырларын есте сақтаған жөн. Еуразия – бұл тек географиялық ұғым емес, ол мәдени-өркениеттік бірегейлікке деген ұмтылысты да білдіреді. Еуразияның тұтастығы, оның мәдени-тарихи бірлігі туралы айтқанда, бұл мәдени-өркениеттік типтің көшпенділік тамыры туралы міндетті түрде сөз қозғалуы керек. Оның үстіне «Ұлы даланың көшпенділері адамзаттың тарихы мен мәдениетінде еуропалықтар мен қытайлардан, мысырлықтардан, ацтектер мен инктерден бір де кем емес рөл ойнады. Тек олардың бұл рөлі, басқа да әрбір этностың немесе, суперэтностың рөлі сияқты, ерекше, төлтума болды және ұзақ уақыт бойы оның құпиясы танылмай келді» (Л.Н.Гумилев. «Еуразия ырғақтары»). Еуразиялық идеяны практикалық түрде іске асыру барысында Еуразиялық экономикалық қоғамдастық, Еуразиялық даму банкі, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университет, Еуразия университеттерінің ассоциациясы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Ортаазиялық одақ, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Кеден одағы сияқты жаңа құрылымдар өмірге келіп, өздерінің өміршеңдігін баршаға көрсетіп отыр. Болашақта еуразиялық аймақтың, еуразиялық аймақтық интеграцияның, еуразиялық идеяның рөлі арта түспек. Әсіресе, қазіргі ұзаққа созылатын әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыстан еліміз жүйелі түрде жаңарып барып, орнықты даму жолына түсуі үшін біздерге әлеуметтік тұрақтылық, халықтардың бірлігі ауадай қажет. Еуразия аймағындағы елдер арасындағы экономикалық интеграцияны өрістету арқылы ғана өзіміздің ұлттық тәуелсіздігімізді одан әрі нығайтып, дағдарысты те¬зірек еңсере түсеміз. Дағдарыс дамудың бір сәті. Сондықтан оны жеңе білу, алға қарай ұмтылу негізгі парызымыз.

 Бүгінгі күнгі жаһандану заманында тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысынан Шығыс пен Батыстың жақындасуы Еуразия құрлығы мемлекеттерінің дүниеге деген қатынасы мен интеграциясы іспетті аса тарихи қажеттілікке айналуда. Жаһандану заманында адам мен табиғат, техника мен адамгершілік, ислам мен христиандық, ұлттық пен жалпыадамзаттық құндылықтар арасындағы теңсіздік аса зор әлемдік күйреуге, барлық адамзаттың жойылуына апарып соқтыруы ықтимал. ХХІ ғасыр – оны Еуразия кеңістігіндегі халықтардың көпшілігі мойындап, болашақта еуразиялық идея үлкен материалдық күшке айналып, Еуразияда, бүкіл дүние жүзінде өзара түсіністік пен рухани келісім салтанат құрған ғасыры болмақ.

«Мәңгілік ел» идеясы. «Рухани жаңғыру» жобасы – ХХІ ғ Қазақстан дамуы болашағын айқындайтын маңызды құжат. Қазақстанның бірінші жаңғыруы 25 жыл бұрын КСРО-ның қирандысынан шығып, өз жолымызды дербес мемлекет ретінде бастағанымыздан басталған болатын. Екінші жаңғыру «Қазақстан-2030» стратегиясының қабылдануымен және жаңа елорда – Астананың салынуымен басталды. Үшінші жаңғыру Елбасының »Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласымен жалғасын табуда. Ұлт санасының жаңғыруын мақсат еткен бұл еңбек-бағдарламалық құжат. Үлкен екі бөлімнен тұратын мақаланың екінші жартысында Елбасы кез келген жаңғырудың ең алдымен Ұлттық болмысқа, дәстүрдің замана сынынан сүрінбей өткен озығына негізделуін қадап айтып отыр. Бұл іргелі мақаланы халық Мәңгілік Ел мұратын жүзеге асырудың түп негіздерін көрсетіп берген тұжырымдамалық бағдарлама ретінде қабылдауда. Қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталып отырған бұл идеяның ұсынылуы уақыт талабы мен ел дамуының тарихи кезеңіне сай, маңызы зор шешім болып отыр. Бұл идеяның үшінші жаңғырудың өзегіне айналуы, елімізге мүлдем жаңаша сипат, тың серпін әкелері анық. Сананы рухани жаңғыртуға бәсекеге қабілетті, білімді елдің ғана шамасы жетеді. Сол себептен Елбасы рухани жаңғырудағы ұлттық сананың рөліне баса назар аударып, бірнеше міндеттерді айқындап берді. Елбасы аталған мақаладан жаңаша бастау алатын «туған елге» ұласатын «туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынып отыр. Әрбір азаматтың өзінің туған жерінің гүлденуі үшін нақты үлес қосуға үндейді. Еліміздің ұлттық білім беру жүйесінде «Қазақстандық патриотизм» ұғымы қолданылып келеді. «Қазақстандық патриотизм» арқылы Отан, туған жер, ел, атамекен, туған өлке туралы түсініктер оқу- тәрбие үрдісінде, сабақтан тыс іс- шараларда Отансүйгіштік сезімді дамытуға, ұлттық салт- дәстүрді сақтау, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу сияқты сезімдерді оқушылар бойында қалыптастыру жүзеге асырылуда. Ең бастысы – жас ұрпақ бойында Отанға, туған еліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру. Жастар тәрбиесіндегі басты ұстаным- өзін-өзі басқаруға мүмкіндік беріп, еркіндікті, сөз бостандығын, пікір бостандығын сездірту, олардың ұстанымдарымен санасу. Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті мен «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынамын»,- дегені жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу ісінде баға жетпес ұсыныс. Елбасы рухани жаңғырудағы ұлттық сананың рөліне баса назар аударып, бірнеше міндеттерді айқындап берді. Оның ең негізгісі ұлттың терең тарихынан бастау алатын рухани ұстанымды сақтап қалу. Құндылықтарымыз бен озық дәстүрімізді табысты жаңғырудың алғышартына айналдыра білу. Бұл ретте, Елбасы «Жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерімізді қайта түлетуіміз керек»,- екенін атап көрсетті. Елбасының идеясы тарихқа деген көзқарасты түзету мен ұлттық бірегейлікті сақтап, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту жайлы болып отыр. Елбасының «Бізге тарих туралы өздерінің субьективті пайымдарын тықпалауға ешкімнің қақысы жоқ»,- деуі шешімді пікір. Рухани жаңғыруда қойылып отырған маңызды мәселенің бірі «сананың ашықтығы». Жаһандану үрдісіндегі басты талап әлемдік тілдерді игеруге ұмтылу. 

Өткенге көбірек үңілсек, бүгінгіні неғұрлым тереңірек түсінетініміз анық. Тарих өткенмен ғана емес, бүгінгі және ертеңгі өмірмен де байланысты. Біз ешқашан, ата-бабамыз бен өткен даналарымыздың не жайында пікір таластырғанына, ізденістеріне, еңбектеріне, тіпті азды-көпті қателіктерінің өзіне деген қызығушылығымызды жоғалтпаймыз. Тарихымыздағы философиялық ойлар мен еңбектер – қазынамызға құт әкелген, парасаттылық пен үгіт-кеңестің асыл да биік сапасын өзінен көрсете білген еңбектер.  Сондықтан, бүгінде философиямен танысуды – жоғарыда қарастырған жалпыадамзаттық құндылықтардың философия мен парасаттылық контексіндегі көзқарасы мен орнын анықтап, қазақ философиясы арнасында «Рухани Жаңғыруды» болашақта жүзеге асыру ісіндегі қадамымыз ретінде қабылдауымызға болады. 

Полная версия материала

Наши олимпиады

Русский языкДля 1-11 классов, 1-2 курсов Открыть
Казахский языкДля 1-11 классов, 1-2 курсов Открыть
ИнформатикаДля 5-11 классов, 1-2 курсов Открыть
ФизикаДля 7-11 классов, 1-2 курсов Открыть
Математика (алгебра)Для 1-11 классов, 1-2 курсов Открыть
ХимияДля 7-11 классов, 1-2 курсов Открыть
БиологияДля 7-11 классов, 1-2 курсов Открыть
ГеографияДля 5-11 классов, 1-2 курсов Открыть
Английский языкДля 1-11 классов, 1-2 курсов Открыть
История КазахстанаДля 5-11 классов, 1-2 курсов Открыть
Для дошкольниковДля дошкольников от 4 до 6 лет Открыть

Оставить комментарий

Заполните заявку на участие
Язык участия
Обязательное поле (на номере должен быть WhatsApp)
Введен неправильный код

В период с 20 по 29 марта проходит акция 1+1

Вы можете выбрать второго ученика бесплатно ИЛИ второй предмет бесплатно.

Для этого впишите ученика ИЛИ предмет в графу ниже с подписью «БЕСПЛАТНО»

Введите данные
Поле обязательно для заполнения
Добавить еще ученика ?
Вы можете внести от 1 до 10 учеников
Поле обязательно для заполнения
Возраст / Класс / Курс *
Поле обязательно для заполнения
4 года
5 лет
6 лет
7 лет
1 класс
2 класс
3 класс
4 класс
5 класс
6 класс
7 класс
8 класс
9 класс
10 класс
11 класс
1 курс
2 курс
Предмет №1 *
Поле обязательно для заполнения
Итоговая олимпиада по математике
105 сом
I love English (4-5 лет)
105 сом
Братья наши меньшие (4-5 лет)
105 сом
Будем с буквами дружить (5-6 лет)
105 сом
В мире животных (4 года)
105 сом
Весёлые загадки (4 года)
105 сом
Веселые задачки (5 лет)
105 сом
Весёлые цифры (4-5 лет)
105 сом
Весёлый счёт (5 лет)
105 сом
Времена года (4 года)
105 сом
Время и возраст (6-7 лет)
105 сом
Вчера, сегодня, завтра (5 лет)
105 сом
Дни недели и времена года (5 лет)
105 сом
Загадки для детей (4-5 лет)
105 сом
Загадки для детей (6-7 лет)
105 сом
Занимательная математика (6 лет)
105 сом
Запутанные буквы (5 лет)
105 сом
Ищем буквы (5-6 лет)
105 сом
Логические задачки (4 года)
105 сом
Математика для дошкольников (6 лет)
105 сом
Математика для малышей (6 лет)
105 сом
Начинаем читать (6 лет)
105 сом
Окружающий мир (4-5 лет)
105 сом
Основы финансовой грамотности (5-6 лет)
105 сом
Основы финансовой грамотности (1-2 класс)
105 сом
Основы финансовой грамотности (3-4 класс)
105 сом
Путешествие по языкам народа Казахстана (1-2 класс)
105 сом
Путешествие по языкам народа Казахстана (3-4 класс)
105 сом
Правила дорожного движения для малышей (4-5 лет)
105 сом
Пространство и время (4 года)
105 сом
Пространство и время (6-7 лет)
105 сом
Развитие речи (4 года)
105 сом
Развитие речи (5 лет)
105 сом
Развитие речи (6 лет)
105 сом
Моя Родина - Казахстан (4-5 лет)
105 сом
Моя Родина - Казахстан (1-2 класс)
105 сом
Моя Родина - Казахстан (3-4 класс)
105 сом
Независимый Казахстан (1-2 класс)
105 сом
Независимый Казахстан (3-4 класс)
105 сом
Самый внимательный (5-6 лет)
105 сом
Строение тела человека (5-6 лет)
105 сом
Тесты на внимательность (4-5 лет)
105 сом
Тесты на внимательность (6-7 лет)
105 сом
Тесты на логику (4 года)
105 сом
Тесты на логику (5 лет)
105 сом
Хочу все знать (4 года)
105 сом
Хочу все знать (5-6 лет)
105 сом
Цвета на английском (4-5 лет)
105 сом
Цифры для малышей (4 года)
105 сом
Часы (6 лет)
105 сом
Этикет для малышей (4 года)
105 сом
Логические задачки для первоклассников
105 сом
Логические задачки для второклассников
105 сом
Логические задачки для третьеклассников
105 сом
Логические задачки для четвероклассников
105 сом
Казахский язык
105 сом
Русский язык
105 сом
Английский язык
105 сом
История Казахстана
105 сом
Математика
105 сом
Алгебра
105 сом
Физика
105 сом
Химия
105 сом
Биология
105 сом
География
105 сом
Информатика
105 сом
Познание мира
105 сом
Естествознание
105 сом
Цифровая грамотность
105 сом
Музыка
105 сом
Поле обязательно для заполнения
Добавить еще предмет ?
Вы можете выбрать от 1 до 10 предметов
К оплате:
0 сом.
Заполните поля:
Заявка на участие создана. Сейчас откроется страница оплаты