Публикации

RCDO.KZ » Публикации » Мұз үстіндегі алау

Мұз үстіндегі алау

ya_socials
Опубликовано:
Автор: Жаксыбек Шанышкылы01 986

«Мұз үстіндегі алау» атты қойылымның сахнамасы.

Жарық сөндірілген. Бейне үзінді. Бейне үзінді біткен соң.

Жарық қосылады. Қайраттың тергеу. Тергеу камерасы.

Тергеуші: Айыпкер Рысқұлбеков, сен Мир мен Сәтбаев көшелерінде жасақшыларды көрдің бе?

Қайрат: Егер ол көшеге бармасам оларды қайдан көремін?

Тергеуші: Рысқұлбеков Савицкийді сен өлтірдің бе?

Қайрат: Жоқ, өлтірген жоқпын?

Тергеуші: Сенің ұрып жатқаныңды біреу көріпті ғой.

Қайрат:  Олай болса мені сол адаммен беттестір, бұл өтірік жала. 

Тергеуші: Ах, ты, декабрист несчастный. Я тебе покажу өтірікті!  Жала дейді еще! Ей, Рыскулбеков, сен, «Савицкийді өлтірдім» деп  Мойында! Мойындасаң жазаң жеңілдейді.

Қайрат: Жолдас тергеуші, бұл жала! Өлтірмеген адамды өлтірдім деп қалай мойындаймын, адам түгіл тышқанды да өлтіріп көрген емеспін.

Тергеуші: Савицкийді өлтірдім демей ақ қой, өлімге қатысты оқиғаға қатыстым десең де болады.

Қайрат:Жасамаған нәрсені неге мойындаймын. Бұл маған жабылып отырған жала.

Тергеуші: Заключенный Рыскулбеков, сен ақымақ болма.....   Егер қазір мойындамасаң - қылмыскер деп танылып, Қазақ Кеңестік Кодексінің 60-бабы бойынша 3 жыл бас бостандығынан;173-бабының, 1-тармағы бойынша жазалаудың ең ауыр түрі өлім жазасына, ату жазасына кесілесін. 

Қайрат: Ел алдында арым таза! Қолымды қанға боялмаған! Менің куәгерлерім бар!

Тергеуші: Декабрист! Куәгерлерің сенімен бірге болған болса, декабр событиесіне қатысқан болса, олар да қылмыскер танылып сенің қасыңа келіп отырады! Сонда олар өз кінәсін мойындайды деп ойлайсын ба? Ондай ессіз адамдар болса айта бер, мен тізімін жазып алып (пагонын көрсетіп) өзіме тағы бір звездочка қосып алайын!

Қайрат: Адамша ас ішіп, итше тіршілік ететін намысыздарға ешнәрсе де айтпаймын!

Тергеуші: Ал, декабрист, Рыскулбеков  онда соңғы ақтық сөзіңді жазып қалдыра бер!

Қайрат: Мен не істесем де өз ұлтымның намысы үшін істедім! Мен тағдырымды еліме тапсырам!

Тергеуші: Қайдағы бір қолында билігі жоқ сұмырай боқ мұрындар деп өміріңді тағдырыңды аманат еткен сенде де ес жоқ екен! Мен сенің құлағыңа бір сыр айтайын, ұмытпа! (Қайратқа еңкейіп, сосын артқа қайтып) Жо-жоқ! Саған жақындау опасно! Вдруг мені де Савицкийдің қасына отправишь! Но, ни че тергеу бөлмесінде екеумізден өзге ешкім жоқ! Олай болса тыңда! Осындай қиын қыстау заманда елге доверять етуге болмайды! Қашан да өзіңе, өзіңнің аялаңа сену керек! Мысалы, Савицкийдің өліміне Күзембаевты айыптап, соған қарсы показание берсең! Жазаң қысқартылып, өлімнен аман қаласын! Өмір қымбат қашанда! (Қайрат тергеушіге қарай ұмтылып)

Қайрат: Иттің ғана күшігі! Сен сияқты біреудің итаяғын жалап күн көргенше, өлгенім артық!

Тергеуші: (Айқайлап) Дежурный зобрать его! (Қайратқа) Адамша айтқанды түсінбейді екенсін, сотта жүздескенше!

Жарық сөндіріледі. Түрме камерасы. Қайраттың монологы. Пистолетпен Қайратқа жарық беріледі.

Қайрат: Досыңды сат тиді мына иттер! Сенген жанды сенімін ақтамау ұлтыма деген сатқындықпен тепе-тең! Одан да өлім артық!

Темір тор, жамбасыма тақылдайсың,

Өзіммен бірге туған жақындайсың.

Телміріп темір торға қаматқанша,

Сұм дүние, бұл жалғаннан неге алмайсың?!

Ауылда жақсы екен ғой салған әнім,

Қу тағдыр татырды ғой түрме дәмін.

Қайдағы пәлеқорлар жала жауып,

Жазықсыз қылмыскер боп кетті сәнім.

Тас төбе, төрт қабырға, темір есік,

Ас берер ортасында жалғыз тесік.

Күніне ұзатары үш тілім нан,

Өлмейтін саған тиер осы несіп.

Терезесі ауылымнан алыс теміртор...

Жаратқан! Азаттықтың дәмінен, қазақтыңның сәнінен айырғанша неге маған сол майданда батырларша өлім силамадың! Халық жауы, жан алғыш қылмыскер сынды қаракүйе жалаға батырып, төзімімді сынау ойың бар ма?! Болар іс болды! Енді сеннен сұрарым мен ғой кетемін, бірақ қазақтың намыс туы құламасын! Тағдырдың тәлкегіне салған балаңның тілегін қабыл ет!

Жарық сөнеді. Қараңғылықта ән ойнауды бастап, сосын жарық қосылады. Әннен соң Қайраттың анасымен жүздесу үзіндісі басталады. Сотталғандармен туыстарының жүздесу бөлмесі. Анасы күтіп отыр, бір кезде Қайрат келіп қарсы алдына отырады. Баласын көрген ана, еңіреп!

Ана: Құлыным! Осы болғанның бәрін түс деші, жаман түс болсын шошып оянайын! Сені мына хәліңді көргенше!

Қайрат: Жоқ, апа! Бұл өмір! Ел намысын қорғап алаңға шықаным да рас! Тек, мен ешкімді де өлтірген жоқпын!

Ана: Бірақ сот...

Қайрат: Сот... Сотқа да жан бағу керек! Егер мына бос камераларға адам отырғызбаса, онда олар аш қалады ғой!

Ана: Олай деме балам, сот өз қызметін атқарып жатыр.

Қайрат: Мына киім маған лайық па еді? 

Ана: Жоқ, балам! Жоқ!

Қайрат: Уайымдама апа! Үш күн емес, отыз жыл болса да, мен ақталамын! Өлсем халқым үшін өліп-ақ кетейін. Бірақ менің атым ақталмай қоймайтынына мен сенемін! 

Ана: Қалай! Сот өкімін шығарып қойды ғой!

Қайрат: Камерада бірге отыратын Мырзағұл ағаны да өлім жазасына кесіп, соңында жиырма жылдық бас бостандығынан айыру өкіміне ауыстырылыпты. Маған да ағаның жолын берсе екен, 20 жылға ауыстырса екен. Жаратқаннан тілейтінім сол...

Ана: Олай болса, мен Мәскеуге барайын! Табылдырығын тоздырып билік өкілдерінің алдында тіземді бүгіп өтінейін! Оларды да бір ақ шашты ана дүниеге әкелген болар, түсінер! Аяушылық танытар!

Қайрат: Әуре болмай-ақ қойыңыз. Таныс бір кісінің сексендегі шешесі Мәскеуге барған екен. Қақпасының сыртынан жылап-жылап, екі күн жатып қайтыпты. Сіз одан әулие емессіз, ол кісінің аппақ шашын сыйламағандар сізді сыйлай ма? Бармай-ақ қойыңыз. Жаратқанның басқа салғанын көрерміз.

Ана: Олай деме балам! Бұйырса бір күн келіп бәрі өзгереді, сол күні елің сені басына көтеріп! Төрге шығарады!

Қайрат: Менің мақсатым төрге шығарсын, басына көтерсін деген оймен емес, ұлттық намысымды қорғау болды.

Ана: Құлыным ау, мына жендеттер сенің емес, неге менің жанымды алмайды екен!

Қайрат: Апа, менің жанымды алайын деп жатқан ешкім жоқ. Уақыт болды! Мен кетейін!

Ана: Құлыным сені еркіндікте, бейбіт өмірде көру нәсіп етсін!

Қайрат: Айтқаныңыз келсін.

Анасы орынынан тұрып шығып кетеді. Қайрат жалғыз қалады. Пистолетпен Қайратқа жарық беріледі.

Қайрат: Желтоқсан мұзының үстінде оттай жанғанымыз, зая кетпесіне сенгім келеді. Тек, ол күнді көру маған нәсіп ете қоймасына да көзім жететіндей. Ең болмағанда, соңғы демімді шығарып жатқанда, құлағымның бір шетімен болсын «Тәуелсіздік» деген сөзді естісем ғой. Ата-бабаларымыздың арманының орындалғанын естісем ғой. Армансыз болушы едім.

Ех, болашақта «мен қазақпын, қазақ елінде өмір сүремін» деп мақтанышпен айтатын заман туса ғой. Сол заман азаматтары бақытты болушы еді. Бірақ, сол бақты бағалайды ма, әлде жоқ па?! Бір Алланың еркінде...

Жарық сөнеді.

Полная версия материала

Наши олимпиады

Русский языкДля 1-11 классов, 1-2 курсов Открыть
Казахский языкДля 1-11 классов, 1-2 курсов Открыть
ИнформатикаДля 5-11 классов, 1-2 курсов Открыть
ФизикаДля 7-11 классов, 1-2 курсов Открыть
Математика (алгебра)Для 1-11 классов, 1-2 курсов Открыть
ХимияДля 7-11 классов, 1-2 курсов Открыть
БиологияДля 7-11 классов, 1-2 курсов Открыть
ГеографияДля 5-11 классов, 1-2 курсов Открыть
Английский языкДля 1-11 классов, 1-2 курсов Открыть
История КазахстанаДля 5-11 классов, 1-2 курсов Открыть
Для дошкольниковДля дошкольников от 4 до 6 лет Открыть

Оставить комментарий

Заполните заявку на участие
Язык участия
Обязательное поле (на номере должен быть WhatsApp)
Введен неправильный код

В период с 20 по 29 марта проходит акция 1+1

Вы можете выбрать второго ученика бесплатно ИЛИ второй предмет бесплатно.

Для этого впишите ученика ИЛИ предмет в графу ниже с подписью «БЕСПЛАТНО»

Введите данные
Поле обязательно для заполнения
Добавить еще ученика ?
Вы можете внести от 1 до 10 учеников
Поле обязательно для заполнения
Возраст / Класс / Курс *
Поле обязательно для заполнения
4 года
5 лет
6 лет
7 лет
1 класс
2 класс
3 класс
4 класс
5 класс
6 класс
7 класс
8 класс
9 класс
10 класс
11 класс
1 курс
2 курс
Предмет №1 *
Поле обязательно для заполнения
Итоговая олимпиада по математике
105 сом
I love English (4-5 лет)
105 сом
Братья наши меньшие (4-5 лет)
105 сом
Будем с буквами дружить (5-6 лет)
105 сом
В мире животных (4 года)
105 сом
Весёлые загадки (4 года)
105 сом
Веселые задачки (5 лет)
105 сом
Весёлые цифры (4-5 лет)
105 сом
Весёлый счёт (5 лет)
105 сом
Времена года (4 года)
105 сом
Время и возраст (6-7 лет)
105 сом
Вчера, сегодня, завтра (5 лет)
105 сом
Дни недели и времена года (5 лет)
105 сом
Загадки для детей (4-5 лет)
105 сом
Загадки для детей (6-7 лет)
105 сом
Занимательная математика (6 лет)
105 сом
Запутанные буквы (5 лет)
105 сом
Ищем буквы (5-6 лет)
105 сом
Логические задачки (4 года)
105 сом
Математика для дошкольников (6 лет)
105 сом
Математика для малышей (6 лет)
105 сом
Начинаем читать (6 лет)
105 сом
Окружающий мир (4-5 лет)
105 сом
Основы финансовой грамотности (5-6 лет)
105 сом
Основы финансовой грамотности (1-2 класс)
105 сом
Основы финансовой грамотности (3-4 класс)
105 сом
Путешествие по языкам народа Казахстана (1-2 класс)
105 сом
Путешествие по языкам народа Казахстана (3-4 класс)
105 сом
Правила дорожного движения для малышей (4-5 лет)
105 сом
Пространство и время (4 года)
105 сом
Пространство и время (6-7 лет)
105 сом
Развитие речи (4 года)
105 сом
Развитие речи (5 лет)
105 сом
Развитие речи (6 лет)
105 сом
Моя Родина - Казахстан (4-5 лет)
105 сом
Моя Родина - Казахстан (1-2 класс)
105 сом
Моя Родина - Казахстан (3-4 класс)
105 сом
Независимый Казахстан (1-2 класс)
105 сом
Независимый Казахстан (3-4 класс)
105 сом
Самый внимательный (5-6 лет)
105 сом
Строение тела человека (5-6 лет)
105 сом
Тесты на внимательность (4-5 лет)
105 сом
Тесты на внимательность (6-7 лет)
105 сом
Тесты на логику (4 года)
105 сом
Тесты на логику (5 лет)
105 сом
Хочу все знать (4 года)
105 сом
Хочу все знать (5-6 лет)
105 сом
Цвета на английском (4-5 лет)
105 сом
Цифры для малышей (4 года)
105 сом
Часы (6 лет)
105 сом
Этикет для малышей (4 года)
105 сом
Логические задачки для первоклассников
105 сом
Логические задачки для второклассников
105 сом
Логические задачки для третьеклассников
105 сом
Логические задачки для четвероклассников
105 сом
Казахский язык
105 сом
Русский язык
105 сом
Английский язык
105 сом
История Казахстана
105 сом
Математика
105 сом
Алгебра
105 сом
Физика
105 сом
Химия
105 сом
Биология
105 сом
География
105 сом
Информатика
105 сом
Познание мира
105 сом
Естествознание
105 сом
Цифровая грамотность
105 сом
Музыка
105 сом
Поле обязательно для заполнения
Добавить еще предмет ?
Вы можете выбрать от 1 до 10 предметов
К оплате:
0 сом.
Заполните поля:
Заявка на участие создана. Сейчас откроется страница оплаты